
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті ардагер ұстаз Сейтқұлова Дәнекүл Рахымқызын арнайы құттықтады.
Дәнекүл Рахымқызы – ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен білім саласына арнаған ардақты ұстаз. Ол 1975 жылы еңбек жолын бастап, 2016 жылға дейін білім беру саласында жемісті қызмет атқарды. Көп жылдар бойы Талдықорған қаласындағы №12 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып, шәкірт тәрбиесіне елеулі үлес қосты.
Ұстаздық және қоғамдық еңбегі үшін Дәнекүл Рахымқызы бірнеше мәрте Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталған. Сонымен қатар ардагерлер ұйымы мен әжелер кеңесінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып келеді.
Кездесу барысында Дәнекүл Рахымқызына көп жылғы еңбегі мен қоғамдық қызметі үшін алғыс білдіріліп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тіледік.
Ардагерді ардақтау – ұрпаққа өнеге.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1302857?lang=ru

Жауап қалдыру