
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті еңбек инспекциясының ардагерлерін арнайы барып құттықтады.
Кездесу барысында ардагерлерге көп жылғы адал еңбектері, кәсіби шеберліктері және мемлекеттік еңбек инспекциясы жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай іс-шаралар аға буын өкілдеріне деген құрметтің белгісі болып табылады. Олар ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметке адал еңбек етіп, еңбек заңнамасы мен еңбек саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесінің дамуына өз үлестерін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1303092?lang=ru

Жауап қалдыру