
Жапонияның Айти – Нагоя қалаларындағы ХХ жазғы Азия ойындары аясында көркем гимнастикадан жарыстың іріктеу кезеңі аяқталды. Астанадан барған екі спортшы жарыстың ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша елорданың екі өкілі – Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы финалға шықты.
Елордалық спортшылардың нәтижелері:
– Ақмарал Ерекешева – 111,350 ұпай;
– Айбота Ертайқызы – 106,550 ұпай.
Финалдық жарыстар Астана уақытымен 3 қазан күні сағат 09:00-де өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1302722?lang=ru

Жауап қалдыру