
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ЖАЛҒАСЫ
Халықаралық қарттар күніне орай Әуезов ауданында «Әжемнің құймағы» аспаздық фестивалі өтті.
Алматы технологиялық колледжінде ұйымдастырылған шараға «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері мен аға буын өкілдері қатысты. Кәсіби аспаздың шеберлік сағаты барысында балалар құймақ дайындаудың қыр-сырын меңгеріп, кейін өздерінің ерекше рецептері бойынша бақ сынады.
Фестиваль жас ұрпақты аспаз мамандығымен таныстырумен қатар, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, үлкенге құрмет көрсетуге және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1303257?lang=ru

Жауап қалдыру