
ОҚУ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН КЕЙС-СЕССИЯ: ДИАГНОСТИКАДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН
2026 жылғы 30 қыркүйекте оқу жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Әдістемелік аптаны қалай ұйымдастыру керек: сценарийлер, шаблондар, кейстер» тақырыбында №3 кейс-сессия өткізілді.
Іс-шараға Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарынан 100 оқу жұмысы жөніндегі директор орынбасары қатысты.
Кейс-сессия бағдарламасы цифрлық диагностикалық құралдарды пайдалану, білім беру нәтижелерін талдау, әдістемелік қызметті нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және әдістемелік аптаны практикалық тұрғыдан жобалау мәселелерін қамтыды.
Кездесу барысында:
🔹 Bılorg платформасын диагностикалық құрал ретінде қолдану (Садырбаев Дархан Зейноллаевич, «Дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей интернаты» КММ директоры);
🔹 диагностика нәтижелерінен нақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу жолдары (Бексултанова Раушан Каиржановна, «Дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернаты” КММ директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары);
🔹 әдістемелік қызметті ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері (Тенизбаева Динара Жангабуловна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың ОЖ жөніндегі орынбасары);
🔹 әдістемелік аптаны жоспарлауға арналған сценарийлер мен практикалық құралдарды қамтитын «Әдістемелік апта конструкторы» ұсынылды (Беккер Наталья Олеговна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары).
Кейс-сессия барысында педагогтердің кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып, әдістемелік жұмысты жүйелі ұйымдастыруға және оның білім беру тәжірибесіндегі нақты өзгерістерге бағытталуына ерекше назар аударылды.
Кездесу кәсіби диалог, басқарушылық шешімдермен алмасу және әдістемелік қызметті ұйымдастырудың тиімді тәжірибелерін тарату алаңына айналды.
Әдістемелік іс-шарадан – педагогтің кәсіби өсуіне, диагностикадан – нақты нәтижеге!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1302499?lang=ru

Жауап қалдыру