Павлодарда Торайғыров университетінің студенттеріне арналған криминалистикалық полигон ашылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     Павлодарда Торайғыров университетінің базасында түрлі қылмыс түрлерін модельдеуге мүмкіндік беретін “Трасология” криминалистикалық полигоны ашылды.

     Іс-шараға университет басшылығы, студенттер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

     Жиын барысында қатысушыларға жаңа полигонның мүмкіндіктері таныстырылды. Алаң дактилоскопиялық және биологиялық зерттеулер жүргізуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ мұнда оқиға орнын қарауға арналған криминалистикалық чемодан және фоторобот құрастыруға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған.

     Арнайы жабдықталған алаңда қылмыстық жағдайларды модельдеп, оқиға орнын қарау, іздерді бекіту және заттай дәлелдемелерді алу бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге болады.

     Криминалистер студенттерге аяқ киім ізін бекіту және көлік құралының іздерін өлшеу бойынша шеберлік сағатын өткізді.

— Полигонның құрылуы тәжірибеге бағытталған заңгерлік білім беруді дамытудағы маңызды қадам. Ол криминалистика саласында қызмет етіп жүрген мамандар мен студенттер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, болашақ полиция кадрларын даярлауға ықпал етеді. Біздің міндетіміз — студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, кәсіби қызметке барынша жақын жағдайларда алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік жасау, — деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

     Сондай-ақ Сафуан Жампейісов студенттерге полиция қызметіндегі мансаптық мүмкіндіктер, тергеу жұмысының ерекшеліктері және ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі туралы айтып берді.

     Іс-шара барысында қатысушылар полиция қызметінің күнделікті жұмысын көрсететін бейнероликті тамашалады. Бұдан бөлек, студенттер криминалистикалық полигон мен сот отырысы залының мүмкіндіктерін пайдаланып дайындаған “Билер соты. Ашық сот процесі” атты бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

     Ведомство өкілдерінің айтуынша, “Трасология” криминалистикалық полигоны студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Мұнда болашақ заңгерлер мамандықтың қыр-сырын, талаптары мен ерекшеліктерін іс жүзінде меңгере алады.

     Жаңа полигон ішкі істер органдарына болашақ қызметкерлерді даярлауға бағытталған маңызды оқу алаңдарының біріне айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1302577?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді