Қарақияда ішімдікке қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарақия ауданы бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері сауда орындары мен дүкен иелеріне алкоголь өнімдерін белгіленген уақыттан тыс сатуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге қойылатын талаптар түсіндіріліп, қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар ауыл ақсақалдары жастарға ішімдіктен аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырып, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық ақыл-кеңестерін айтты.

Полиция қызметкерлері кәсіпкерлік нысандарының иелеріне алкоголь өнімдерін заңда белгіленген уақыттан тыс сатпау қажеттігін түсіндіріп, талаптарды бұзған жағдайда заңнамада көзделген жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Профилактикалық шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында ішімдікке әуестікке жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Заң мен тәртіп – баршаға ортақ!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1302848?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді