1 қазан – Қарттар күніне орай Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тағылымды кездесу өтті.
Іс-шара барысында аталған орталықта қызмет алатын Төлеби ауданының 22 қарт азаматына және ерекше қажеттіліктері бар жандарға мерекеге орай демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Ізгілік пен құрметке негізделген шара қазыналы қарттарға қуаныш сыйлап қана қоймай, жас ұрпаққа үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қасиеті екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Жауап қалдыру