
1-қаза Қарттар күні мерекесіне орай Жылысай ауылында ауылдық округ әкім аппаратының және ауылымыздың азаматтарымен ұйымдастырылған «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік шара атап өтілді. Айтулы кешке аудан басшылары арнайы келіп, ауылымыздың үлкен кісілерін құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.
Өмірлік қазынамыз — қарттарымыз аман болсын! Бүгін — 1 қазан, Халықаралық қарттар күні. Бұл — ұрпағына жол көрсетіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп жүрген аға буын өкілдеріне шексіз құрмет білдіретін ерекше күн.
«Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» демекші, әрбір шаңырақтың берекесі мен ырысы — ақылшы аталарымыз пен мейірімді әжелеріміз. Олардың ақ батасы, жылы сөзі мен даналығы — біздің өмірдегі ең үлкен тұмарымыз. Ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымызға шексіз құрметіміз бен ыстық ықыласымызды білдіреміз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз бен өнегелі жолдарыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Бүгінгі мерекеде барша ардагерлеріміз бен қарияларымызға:
Зор денсаулық мен ұзақ ғұмыр;
Отбасының ынтымағы мен немере-шөберенің қызығын;
Жүрек жылуы мен жақындарының ыстық ықыласын тілейміз!
Жүздеріңізден күлкі, төріңізден береке кетпесін, асыл қазыналарымыз!
Шара барысында Алматы облысы Жамбыл атындағы филармониясының өнерпаздары өнер көрсетіп, әсем әндерімен қонақтардың көңілін көтеріп, мерекенің сәнін келтірді.Қарияларымыздың ақ батасы мен ақ тілегі әрдайым ортамызды нұрландырып, ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін. Ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық пен береке тілейміз.
Қарттар күніне орай ұйымдастырылған тағылымы мол шарамыздың тамаша өтуіне атсалысқан барша азаматтарға алғысымыз шексіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1302591?lang=ru

Жауап қалдыру