Құрметті ардагерлер, қадірлі қарттар!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқы қашанда үлкенді сыйлап, қарияны құрметтеген. Сіздер – елдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, кейінгі ұрпаққа өнеге болып отырған ардақты жандарсыздар. Сіздердің өмір жолдарыңыз бен еңбектеріңіз – жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі.

Ұлағатты ғұмырыңызда жинақтаған мол тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз бен баталарыңыздың біз үшін орны ерекше. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен жарқын болашағымыздың негізін қалауға қосқан еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке, жүректеріңізге қуаныш тілеймін. Әрдайым ұрпақтарыңыздың қызығына бөленіп, елдің құрметіне бөленіп, ортамызда аман-есен жүре беріңіздер!

Қарттар күні құтты болсын!
Әр шаңыраққа бақыт, ынтымақ және молшылық тілеймін!

Құрметпен, білім бөлімінің басшысы                           Д.Ж.Такишев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1302704?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді