
Құрметті ардақты ақсақалдар мен аяулы әжелер!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқы қашанда үлкенін сыйлап, ақсақалын ардақтап, қариясын төрге шығарған. Сіздер – саналы ғұмырларыңызды елдің өсіп-өркендеуіне арнап, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол көрсетіп келе жатқан қадірлі жандарсыздар.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – кейінгі буын үшін баға жетпес қазына. Ауданымыздың дамуына қосқан еңбектеріңіз бен қоғамның қалыптасуына сіңірген үлестеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Балаларыңыз бен немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым елдің құрметіне бөленіп, шаңырақтарыңыздан шаттық пен күлкі арылмасын!
Қарттарымыздың қадірі артып, абыройы асқақтай берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/makanshy-maslihat/press/news/details/1302584?lang=ru

Жауап қалдыру