«Қызмет алушылар күні»

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара Өскемен қаласының №1 емханасының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың қатысуымен өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары да қатысып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарға түсіндірмелер берді.

Осындай іс-шаралар халықтың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде практикалық көмек көрсетуге және азаматтармен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1302976?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді