Сандық бақылау іс жүзінде: жаңа ережелер дәріханадағы бағаға қалай әсер етті?

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Біз дәрі-дәрмек бағасын реттеу ережелерін өзгерттік. Мақсат – дәріханалар мен дистрибьюторларды артық қағазбастылықтан арылтып, мемлекеттің бүкіл күшін шынымен маңызды препараттарды бақылауға бағыттау. Енді рецептпен сатылатын және құны 1 АЕК-тен аспайтын арзан дәрілер қатаң баға шектеуінен босатылды.

Бірақ бұл бақылау әлсіреді дегенді білдірмейді. Керісінше, бағаның сақталуын енді электронды жүйе үздіксіз қадағалап отыр. «Тауарларды таңбалау және қадағалау» жүйесі арқылы біз тамыз айының қорытындысы бойынша еліміздегі дәріхана бағаларына тексеріс жүргіздік.

Дәрі-дәрмектің 3 073 түріне жасалған электронды мониторинг нарықтың тұрақты екенін көрсетті:

  • 1 595 дәрінің (51,9%) – дәріханалардағы бағасы өзгерген жоқ.
  • 799 дәрінің (26%) – бағасы шілде айымен салыстырғанда арзандады.
  • Қалған позициялар бойынша баға маусымдық сұранысқа немесе жеткізу шығындарына байланысты сәл құбылды, бірақ ешкім мемлекет белгілеген ең жоғары шектен асқан жоқ.

Біз бұрынғыша зауыттардан әр таблетканың құнын келісімшарттармен және кедендік құжаттармен дәлелдеуді қатаң талап етеміз. Бағаны негізсіз өсірген дәріханалар ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша шара қолданылады

Кез келген дәріхана кассасы алдында сіз де дәрі-дәрмек бағасын тексере аласыз. Смартфоныңызға DariKZ немесе «Naqty Onim» қосымшаларын жүктеп алып, дәрінің қорабын сканерлеңіз. Егер түбіртек пен қосымшадағы баға сәйкес келмесе (дәріханада қымбат болса), сол жерде «шағымдану» батырмасын басыңыз немесе біздің өңірлік департаменттерге хабарласыңыз. Біз әрбір шағымды тексереміз.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kfmz/press/news/details/1303136?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді