
Жол қауіпсіздігін насихаттаудың жаңа форматы!
Шымкент қаласының көшелерінде LED-экранмен жабдықталған арнайы Газель жол қозғалысына қатысушыларға жол қауіпсіздігіне арналған әлеуметтік бейнероликтерді көрсетіп жүр.
Бұл — кәдімгі көлік емес. Көліктің артқы бөлігіндегі үлкен LED-экран арқылы жол ережелерін сақтау, жолдағы қауіпсіздік және жүргізушілердің жауапкершілігі туралы бейнероликтер көрсетіледі.
Аталған жоба Шымкент полициясының жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ақпараттық жұмыстарының бірі.
Ең бастысы — экрандағы бейнероликтерді қала көшелерінде жүрген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің назарына бірден ұсынуға мүмкіндік береді.
Жол ережесін сақтаңыз!
Өз өміріңізге және өзгенің өміріне жауапкершілікпен қараңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1302725?lang=ru

Жауап қалдыру