ҰҚК Шекара қызметінің 2026 жылғы қыркүйектегі іс-қимыл нәтижелері туралы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы қыркүйекте құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 4 138 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, оның ішінде 3 502 шетел азаматтары.

2,5 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 598 фактінің алды алынды, оның ішінде:

37 факті – есірткі заттары;

62 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 дана травматикалық қару, 2 дана газ қаруы, 77 дана оқ-дәрі);

816 факті – көлемі 80 тоннадан асатын мөлшерде ЖЖМ, жалпы сомасы 24,1 млн теңге;

549 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

134 факті – сомасы 1,2 млрд теңгеден астам валюта.

Каспий теңізінің акваториясында браконьерлікпен айналысудың 48 фактінің алды алынды, 41,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 145 дана (840 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алды алынған шығын сомасы 350 млн теңгеден астамды құрады.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 66 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 607 әкімшілік іс өндірісте.

Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдауы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/1302554?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді