ЗАҢ. ӘДІЛЕТ. ЛОГИКА» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ QUIZ САЙЫСЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні аясында мемлекеттік қызметшілер мен құрылымдық бөлімдер өкілдері арасында «Заң. Әділет. Логика» интеллектуалдық QUIZ сайысы ұйымдастырылды.

Сайыстың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және кәсіби сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ әріптестер арасындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайту.

Аталған интеллектуалдық сайысқа Атырау облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің командасы да белсене қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.

🏆 Сайыс қорытындысы бойынша департаментіміздің командасы алғыс хатпен марапатталды.

Бұл – ұжым мүшелерінің білімге деген ұмтылысы мен ұйымшылдығының нәтижесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1302597?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді