
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цойдың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың, Денсаулық сақтау министрлігі мен бейінді ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, ұсынылатын бұйымдардың сапасын арттыру, өнім берушілердің қызметіне бақылауды күшейту, сондай-ақ процестерді одан әрі цифрландыру мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік қызметтер порталының ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылды. Осы бағытта Еңбек министрлігі өнім берушілердің қызметіне кешенді талдау жүргізіп, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректерді салыстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1303742?lang=ru

Жауап қалдыру