
Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Көктерек ауылдық округінің Мәдениет үйінде ауылымыздың ардақты қарттарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өтті.
Аталған мерекелік шара ауыл әкімшілігі, Мәдениет үйінің қызметкерлері және спорт нұсқаушысының ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шара барысында ауылдың ақ жаулықты әжелері мен ақ сақалды аталарына құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, еңбегімен үлгі болған қарияларға Алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік шарада қарттарға ізгі тілектер айтылып, көңілдеріне қуаныш сыйланды. Шара соңында ақ дастархан жайылып, ауыл қарияларына құрмет көрсетілді. Дастархан басында жылы әңгімелер айтылып, үлкендер өздерінің ақ баталары мен ізгі тілектерін білдірді.
Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз! Қарттарымыздың ақ батасы мен өнегесі – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1303963?lang=ru

Жауап қалдыру