
АМАНОВ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
2026 жылғы 1 қазанда Семей қаласында білім мен білікті, ізденіс пен талапты тоғыстырған математика пәнінен Т. Аманов атындағы олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Алғожина Еркежан жүлделі ІІІ орын иеленді!
Еркежанның бұл жетістігі – оның білімге деген талпынысы, ізденісі мен табанды еңбегінің нәтижесі. Бұл жеңіс жас дарынның математика пәніне деген қызығушылығы мен жоғары мақсаттарға ұмтылысының айқын көрінісі.
Жас дарынды шәкіртті олимпиадаға дайындаған жетекшісі Балтабекова А.Б.-ға еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-zhanasemey/press/news/details/1303470?lang=ru

Жауап қалдыру