
Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов Аққайың және Қаратаусай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендердегі өзекті мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, ауылішілік және кірме жолдардың жағдайы, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау, қар тазалау жұмыстары, сондай-ақ ұялы телефон байланысының сапасы мен қолжетімділігі мәселелері көтерілді.
Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелердің шешілу барысы бақылауға алынатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1303321?lang=ru

Жауап қалдыру