
Су шаруашылығы комитеті төрағасының м.а. – Нұрбек Нұржанұлы Серіков Cawec Жобасын басқару жөніндегі өңірлік комитеттің бірінші отырысына қатысты.
Central Asia Water and Energy Program – Дүниежүзілік банктің қолдауымен Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитеті іске асыратын, су және энергетикалық ресурстарды басқаруды жақсартуға, сондай-ақ Орталық Азиядағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама.
Отырыс қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі өңірлік ынтымақтастық жобасын басқару жөніндегі өңірлік комитеті туралы ереже бекітілді.
Сондай-ақ, CAWEC жобасын 2026 жылдың 1 тамыз бен 2027 жылдың 30 маусым аралығында іске асыру жоспары бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1303308?lang=ru

Жауап қалдыру