
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданына барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Жамансор ауылындағы теміржол вокзалының құрылысын қарап, мердігерге жұмыс қарқынын арттырып, нысанды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ Миялы – Сағыз бағытындағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда 40 шақырым жол толық жасалып, 10 шақырым аумаққа қар ұстағыштар орнатылған. Су басу қаупі бар 10 учаскеде жолды көтеру жұмыстары жүргізілуде. Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланған.
Миялы ауылындағы Ығылман Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының күрделі жөндеу барысын қарап, жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқтауды міндеттеді.
Жангелдин ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 300 орындық мәдениет үйінің құрылысымен де танысты.
Жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімі барлық құрылыс нысандарында сапа, қауіпсіздік және белгіленген мерзімнің сақталуын басты назарда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/press/news/details/1303438?lang=ru

Жауап қалдыру