БИІКТІКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Биіктікте орындалатын жұмыстар жоғары тәуекелмен байланысты жұмыстар қатарына жатады. Тіпті салыстырмалы түрде төмен биіктіктен құлаудың өзі жұмыскердің өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету қағидалары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде № 27349 болып тіркелген).

Қағидаларға сәйкес, биіктіктегі жұмыс деп жұмыскер жердің, жабынның немесе жұмыс төсемінің бетінен 1,3 метр және одан жоғары биіктікте (немесе тереңдікте) және биіктік бойынша құлама шекарасынан 2 метрден кем қашықтықта орналасқан жағдайда орындалатын жұмыс танылады.

Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру кезінде:

  • биіктіктегі жұмыстар наряд-рұқсат бойынша орындалады;
  • жұмысқа 18 жасқа толған, міндетті алдын ала медициналық қарап-тексеруден өткен және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тиісті оқудан өткенін растайтын куәлігі бар адамдар жіберіледі;
  • жұмыстар кемінде екі адамнан тұратын бригадамен (буынмен) орындалады;
  • көріну жеткіліксіз болғанда, қарқынды атмосфералық жауын-шашын кезінде, найзағай және найзағай майданы жақындаған кезде, сондай-ақ желдің жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары болған жағдайда жұмыстарды орындауға жол берілмейді.

Жұмыс беруші жұмысты жұмыскерлердің құлау және жарақат алу қаупін барынша азайтатындай етіп ұйымдастыруға міндетті. Жұмысты бастамас бұрын Қағидаларда көзделген қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Департамент жұмыс берушілерді еңбекті қорғау мәселелеріне формалды түрде қарамауға шақырады. Әрбір наряд-рұқсат, нұсқама және көзделген қауіпсіздік шарасы – ең алдымен өндірістегі жазатайым оқиғаның алдын алу құралы.

Жұмыскердің қауіпсіздігі – белгіленген талаптарды сақтаудан басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1303505?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді