
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда.
77 келідегі Сейілхан Болатбек қола медаль үшін белдесуде отандасы Адлан Мадаевпен кездесті. Нәтижесінде отандық дерби 2:0 есебімен Сейілханның пайдасына шешілді.
Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және 48 келідегі Жібек Құлымбетова қола жүлде еншілеген еді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1303610?lang=ru

Жауап қалдыру