
Халықаралық қарттар күніне орай Целиноград ауданының әкімі Дарен Сабырғалиұлы Аққайың ауылындағы «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, аға буын өкілдерін мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі қарияларға ізгі тілегін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен бақ-береке тіледі.
Аға буынға құрмет көрсету – баршамыздың парызымыз. Қариялардың өмірлік тәжірибесі мен даналығы кейінгі ұрпақ үшін әрдайым баға жетпес құндылық.
Барша ардақты ардагерлер мен аға буын өкілдерін мерекемен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, береке, жылулық пен қамқорлық тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1303726?lang=ru

Жауап қалдыру