
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған Үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, 09.09.2026жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Әлібек Жандарбек Ғажданбекұлының қатысуымен Департамент қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдірудегі жаңа заңнамалық өзгерістер» тақырыбында құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оқыту барысында уәкілетті органның өкілі Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталған 2026 жылғы 12 маусымда қабылданған заңнамалық өзгерістер туралы кеңінен түсіндірме берді.
Атап айтқанда, енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін күшейту, қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті нақтылау екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жетілдіру және оларды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне сәйкес тұрақты түрде жаңартып отыру мәселелеріне тоқталды.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның құзыретін нақтылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, сондай-ақ қылмыстық заңнамада параны алу немесе берумен қатар, оны ұсыну, талап ету және беруге уәде етуге байланысты жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша түсіндірме берілді.
Іс-шара барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Маханова А. мемлекеттік қызметшілерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Сонымен бірге, әрбір мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді адал, әділ және заң талаптарына сәйкес орындауға міндетті екендігі, қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға, қандай да бір материалдық сыйақыларды, сыйлықтарды немесе өзге де артықшылықтарды қабылдауға, сондай-ақ мүдделер қақтығысына жол беруге болмайтындығы жөнінде ескертілді.
Іс-шара соңында Департамент қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға уәкілетті органның өкілі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты жауаптар мен түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1303755?lang=ru

Жауап қалдыру