«Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 1-қазанында Семей қаласында физика-математика ғылымдарының докторы , профессор Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиада аясында «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинарда Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Н.Оразақынұлы «Құпия кілт: комбинаторика мен қалдықтар теориясы арқылы олимпиадалық есептерді шешу», Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі А.С.Ибрйханова «Есепті «көру» өнері олимпиадалық тапсырмаларды талдау тәсілдері» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін сертификат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/garma-roo/press/news/details/1303357?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді