“Қариясы бар ел – қазыналы ел” атты мерекелік кеш өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жыланды ауылдық округінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Кеш барысында қарияларға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын концерттік бағдарлама ұсынылды. Аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілеп, ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.

Қариясы бар ел – қазыналы ел. Аға буынға құрмет көрсету – ұрпаққа өнеге, елге береке.

Жыланды ауылдық округі әкімдігі барша қарт тұрғындарды мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық бақыт пен бақ-береке тілейді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1303887?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді