
Мергенсай ауылдық клубында 1 қазан Қарттар күніне орай «Қариясы бар ел – қазыналы ел» атты ауыл қарттарымен кездесу өткізілді. Кеpздесу барысында ауыл әкімі Жолдасова Күлпаш Қаналықызы мен қоғамдық кеңестің төрағасы, ардагер ұстаз Әбілов Әсемхан қарттарды мерекесімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
Ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетіліп, олардың өмір жолы, еңбек тәжірибесі, ауылдың өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы әңгімелер тыңдалды.Қариялар жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, үлкендердің батасын алу, салт-дәстүрді сақтау жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында қарттарға арналған жылы лебіздер айтылып, әннен шашу шашылып, би биленіп, көрініс қойылып, ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптелді.
Шара соңында ауыл қарттарына алғыс білдіріліп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тілектер айтылды.Үлкендерімізден бата алынып, кездесу мазмұнды, әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-mergensai/press/news/details/1303421?lang=kk

Жауап қалдыру