ҚАРИЯСЫ ҚҰРМЕТТЕЛГЕН ЕЛДІҢ — МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 
Халықаралық қарттар күні – өмір жолы өнегеге толы аға буынға құрмет көрсетіп, олардың ел дамуына қосқан еңбегін бағалайтын ерекше күн. Осыған орай Мичурин ауылдық округінде ауылдың ардагерлері мен қазыналы қарттарына арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
Ізгі шараға Бәйтерек ауданының әкімі Марат Токжанов қатысып, ауылдың үлкендерін мерекемен құттықтады. Аудан әкімі өз сөзінде аға буынның елдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесінің маңызын атап өтіп, ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тіледі.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі атынан ардагерлерге шағын сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, Мичурин ауылдық округінің мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қариясын ардақтаған елдің қазынасы мол. Аға буынға құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1303605?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді