
Қарттарын қадірлеген ел азбайды
2 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауылымызда қарияларымызға арналған салтанатты мерекелік шара өтті.
Шараның ресми бөлігінде Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Н.Қ.Алин, ауыл әкімі С.К.Касенова және ауыл ақсақалы Ж.С.Искаков сөз сөйлеп, аға буын өкілдерін мерекемен құттықтады. Олар қариялардың ауылдың дамуына қосқан үлесі мен жастарға берген өнегелі тәрбиесі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Мерекелік бағдарлама мектеп оқушылары мен аудандық мәдениет үйінен келген өнерпаздар дайындаған жүрекжарды концертпен жалғасты. Сахна төрінде әуезді әндер шырқалып, әсем билер орындалып, қарияларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Концерттен кейін қарияларымыз үшін арнайы қайырымдылық түскі асы ұйымдастырылды. Ыстық ықылас пен құрметке толы бұл мерекелік дастарханды “Айсары-2024» АӨК жетекшісі Жанат Халелов ұйымдастырды.
Ауыл ақсақалдары мен әжелері көрсетілген зор құрмет пен көңіл үшін ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен бірлігі үшін ақ батасын берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akzhar-aisary/press/news/details/1304024?lang=ru

Жауап қалдыру