Қоғамдық кеңес отырысында 2026 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қазан күні Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы кеңес төрағасы Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлының төрағалығымен өтті. Отырыста 2026 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы шешім жобасы қаралды.

Жиында облыстық бюджет кірістерінің орындалу болжамы, шығыстарды оңтайландыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, бюджет кірістерінің қаржы жылының соңына дейін орындалмау қаупіне байланысты облыстық бюджет шығыстарына ревизия жүргізілгені атап өтілді. 2026 жыл ішінде бюджетке бұған дейін төрт рет нақтылау енгізіліп, шығыстар 5,3 млрд теңгеге оңтайландырылған. Кезекті нақтылау шеңберінде ағымдағы және даму бюджеттерін тағы 7,4 млрд теңгеге оңтайландыру ұсынылып отыр.

Ұсынылып отырған өзгерістер әлеуметтік салаға, нақты секторға және мемлекеттік органдардың күтіп-ұстау шығыстарына қатысты. Сонымен қатар даму бюджеті бойынша бірқатар жобалардың қаржыландыру көлемін қайта қарау көзделген.

Нақтылау қорытындысы бойынша облыс бюджеті шығыстарының жалпы көлемі 595,6 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде жергілікті бюджет – 534,5 млрд теңге, республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер көлемі – 61,1 млрд теңге.

Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар пікірлер мен ұсыныстар айтылып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сұрақтар қойылды. Кеңес мүшелері бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты жұмсауға, сондай-ақ жоспарланған шығыстардың негізділігіне назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-oblysy/press/news/details/1303433?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді