
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде Қызылорда қаласында орналасқан құрылыс саласындағы және коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттану жағдайы мен жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары туралы мәселе әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссияда қаралып, талқыланды.
Комиссия отырысында департамент басшысының орынбасары, комиссия мүшесі Болат Досымов еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарақаттануды төмендету бағытында нақты алғышарттарды атап өтіп, осы бағыттағы жұмыс берушілердің міндеттеріне тоқталды.
Жалпы, кәсіпорындарда өндірісте жарақат алу деңгейін төмендету мақсатында жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу, кәсіби тәуекелдерге бағалау жүргізу және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында құрылыс алаңдарында тік бақылау енгізу талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Алдағы уақытта да кәсіпорындар мен ұйымдарда өндірістік жарақаттануды төмендету, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1303417?lang=ru

Жауап қалдыру