ШҚО-да бір аптада 70-тен астам құқық бұзушылық анықталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ШҚО-да бір аптада 70-тен астам құқық бұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуын бақылау бағытында рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

23-30 қыркүйек аралығында полиция қызметкерлері 70-тен астам заң бұзушылықтың жолын кесті. Олардың қатарында абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу фактілері жиі кездеседі.

Аталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мәселен, рейдтік жұмыс барысында жүк тасымалдау қағидаларын бұзу фактісі анықталды. 52 жастағы ЗИЛ жүргізушісі көлік қозғалысы кезінде жүктің дұрыс орналастырылуы мен бекітілуін бақыламаған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Осындай құқық бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстары жалғасуда. Белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1303425?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді