«Таза Қазақстан»: Атырауда бір апта ішінде абаттандыру талаптарын бұзудың 260-қа жуық дерегі анықталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
21-29 қыркүйек аралығында «Таза Қазақстан» аясында абаттандыру қағидаларын бұзған 257 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде 5 тұлға аталған құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған. Барлық анықталған деректер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
📍 Мәселен, 23 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында Атырау қаласы, Өркен ықшам ауданындағы Мұқаш мәйіті тұсында 1979 ж.т. ер адам КамАЗ автокөлігімен шөп қалдықтарын төгіп, қаланың абаттандыру қағидаларын бұзған.
Тексеру барысында аталған тұлғаның бір жыл ішінде осыған ұқсас құқық бұзушылықты қайталап жасағаны анықталды. Осыған байланысты ол ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
❗ Полиция ескертеді!
Қоқыс қалдықтарын және өзге де қалдықтарды белгіленбеген орындарға төккен тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Азаматтарды тазалық талаптарын сақтап, қоршаған ортаны ластауға және қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастауға жол бермеуге шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1303393?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді