
Бүгін Жаңақала аудандық мәслихатының депутаты С.Сертеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, ауыл тұрғыны Бақтығұлова Раушан жұмыспен қамту мәселесі бойынша көмек сұрап, сонымен қатар көпбалалы отбасы ретінде тұрып жатқан үйінің апатты жағдайда екенін айтып, баспана мәселесін шешуге жәрдемдесуді өтінді.
Сонымен қатар, депутат 8 Наурыз көшесі тұрғындарының бір топ өкілдерін қабылдады. Тұрғындар көшеде автомобиль жолының жоқтығынан туындайтын қиындықтарды жеткізіп, аталған мәселені шешуге ықпал етуді сұрады.
Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер депутаттың жеке бақылауына алынып, азаматтардың өтініштерін шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/1303369?lang=ru

Жауап қалдыру