
Ақтөбе қаласында өткен V республикалық «Абысын-ажын» фестиваль-байқауында Хромтау ауданының Бөгетсай ауылынан қатысқан келіндер жүлделі ІІ орынға ие болды.
Еліміздің 10 өңірінен келген қатысушылар бақ сынаған байқауда бөгетсайлық тоғыз келін Ақтөбе облысының намысын қорғап, ұлттық салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтарды жоғары деңгейде дәріптеді.
Байқау кезеңдерінде қатысушылар қазақ отбасындағы береке-бірлікті, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті, абысындар арасындағы сыйластықты сахналық қойылымдар арқылы көрсетті. Сондай-ақ ғаламтордың кері әсері тақырыбында тәрбиелік мәні бар көрініс ұсынып, өз өнерлері мен ұйымшылдығын танытты.
Бұл жетістік – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, дәстүр сабақтастығын сақтауға үлес қосып жүрген ауыл келіндерінің бірлігі мен ортақ еңбегінің нәтижесі.
Бөгетсайлық келіндерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бастамаларына табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1304399?lang=ru

Жауап қалдыру