
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ерғали Сисенғалиұлы Скендиров Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ерғали Сисенғалиұлы 1983 жылы туған, білім жоғары, 2006 жыл «Тұран-Астана» университетінің «Құқықтану» бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Резерв» мемлекеттік республикалық кәсіпорнының «Автоматика» филиалында өндірістік-пайдалану бөлімінің бастығы болып бастады.
2008 жылы «Резерв» мемлекеттік республикалық кәсіпорнының «Автоматика» филиалында заңгер-іс жүргізуші. 2009-2014 жылдары «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалында заңгер-кеңесші.
2014 жылы «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалында ұйымдастыру-бақылау бөлімінің партиялық бақылау жөніндегі инспекторы. 2015 жылы Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының инспекторы. 2015-2020 жылдары Өмірзақ ауылы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, Өмірзақ ауылы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.
2020-2021 жылдары «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шарушалығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2022-2023 жылдары «БозашыТрансҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әлеуметтік мәселелер бойынша маманы. 2023-2025 жылдары Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы болды.
2025 жылы Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасының инвестициялық саясат және индустриалдық-инновациялық даму бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы қызметтерін атқарды.
2025 жылдың шілде айынан бастап осы уақытқа дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1304365?lang=ru

Жауап қалдыру