Мұзтау етегіне шекара бекетінің модулі орнатылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Алтай тауының ең биік шыңы Мұзтау етегінде шекара бекетінің модулі салынды. Енді онда 4 щекарашы кезекшілік етеді.

Ауданға жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов модульге барып көрді.

Бұл Ресей елімен шекаралас аумақ. Осында Мұзтау шыңын бағындырғысы келген талай шетелдік турист келеді. Сондықтан шекара бекетінің модулін салудың маңызы зор.
Онда бірнеше бөлме орналасқан. Іште шекарашылардың жұмысына қажетті барлық жағдай жасалған. Енді олар бұл жерде жыл сайын жаз айының басынан қыркүйекке дейін кезекшілік ететін болады.

«Мұзтау – еліміздің шығысындағы стратегиялық маңызы бар әрі табиғаты ерекше аймақтардың бірі. Мұнда шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, туристік бағыт та қарқынды дамып келеді. Сондықтан шекарашылардың қызмет атқаруына қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Жаңа модуль осы міндетті орындауға мүмкіндік береді. Осында қызмет ететін шекарашыларға қажетті жағдай жасалған», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1304441?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді