ҚАРИЯЛАРҒА – ҚҰРМЕТ ПЕН ІЗЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
✅ 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Төлеби ауданында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге арналған игі шаралар жалғасын тапты. Бүгін Ленгір қаласының әкімі Мақсат Болысбекұлы Жұмабаевтың ұйымдастыруымен, қаладағы жомарт жандардың демеушілігімен ардагерлерге арналған тағылымды шара өтті.
 
✅ Іс-шараға Ленгір қаласынан 250 ардагер қатысып, аудандық мәдениет үйінде кинофильм тамашалады. Сонымен қатар қадірлі қарияларға арнайы сый-сияпаттар табысталып, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға деген ізгі құрмет көрсетілді.
 
✅ Ауданның өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып, қоғамның қалыптасуына қажырлы еңбегімен атсалысқан аға буынның орны қашанда айрықша. Қарияның өнегелі жолы – кейінгі ұрпаққа тағылым, ақылы мен ақ батасы – елге береке. Аға буынды ардақтап, олардың өмірлік тәжірибесі мен тағылымды жолын кейінгі ұрпаққа дәріптеу – елдік құндылықтарды ұлықтап, сабақтастықты сақтаудың жарқын үлгісі.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1304229?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді