Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Байқау барысында Семей қаласына қарасты білім беру мекемелерінің 20 педагогі өтінім беріп, өздерінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық тәжірибесін, шығармашылық ізденістерін, білім беру саласындағы жетістіктерін және заманауи оқыту тәсілдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік деп танылған 3 педагог «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының ІІ кезеңіне (облыстық кезеңге) қатысып, ІІІ (республикалық) кезеңге жолдама алды:
 Есенбаева Жанар Байузаковна — Семей қаласы білім бөлімінің Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназиясы;
 Ногаева Багжан Макашевна — Семей қаласы білім бөлімінің №22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі;
 Нуримханова Енлик Семейгазыевна — Семей қаласы білім бөлімінің №51 жалпы орта білім беретін мектебі;
Жақсы нәтиже көрсетіп, төмендегі орындарды иеленген педагогтер:
ІІ орын иегерлері:
 Акылбаева Гульзира Каримтаевна – № 8 «Балбөбек» балабақшасы
 Назирова Жанар Назарбековна – Семей қаласы білім бөлімінің №42 жалпы орта білім беретін мектебі;
 Рыжова Ирина Александровна – Семей қаласы білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі;
 Садыкова Асира Серкпаевна – Семей қаласы білім бөлімінің №50 жалпы орта білім беретін IT мектеп-лицейі;
ІІІ орын иегері:
 Жекенова Жұлдыз Ернарқызы – Семей қаласы білім бөлімінің №29 жалпы орта білім беретін мектебі;
Семей қаласының үздік ұстаздарына республикалық кезеңде сәттілік тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1304168?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді