Шемонаиха ауданында екі ірі нысан салынып жатыр

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шемонаиха қаласының жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды жобалардың бірі аяқталды. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Шемонаиха ауданына жұмыс сапары барысында Усть-Таловка энергия цехының жылу желілерінде салынып жатқан сорғы станциясына барды.

Жаңа нысан жылу желісіндегі қысымды тұрақтандырып, жылуды тұтынушыларға тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе жылыту маусымы кезінде жүйенің сенімді жұмыс істеуі үшін маңызды.

Құрылыс жұмыстарын «QK SUNQAR» ЖШС жүргізіп жатыр. Нысанның құрылысы 2024 жылғы 26 тамызда басталған. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға таяу, сорғы станциясы 2026 жылдың желтоқсан айында іске қосылады.

 Нысанды аралау барысында облыс әкімі жылыту маусымы басталғанда станцияның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

 Сондай-ақ Шемонаиха ауданында 964 басқа арналған жаңа сүт-тауар фермасы салынып жатыр. Нұрымбет Сақтағанов «Сугатовское» ЖШС-ға барып, құрылыс барысымен және жобаның жүзеге асу жоспарымен танысты.

 

Жаңа ферма өңірге Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тәжірибесін енгізуге бағытталған бағдарлама аясында іске асырылуда. Соның аясында өндірістің заманауи талаптарға сай ұйымдастырылуына басымдық берілген. Фермада малды ұстау мен саууға арналған технологиялық жабдықтар орнатылады.

Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Облыс әкімі жобаның аймақтағы сүт өндірісін дамытудағы маңызына тоқталып, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау және өндірістік қуатты толық іске қосуға қажетті мәселелерді назарда ұстау міндетін қойды.

 Жаңа ферма іске қосылғаннан кейін өңірдің сүт өндірісінің көлемін арттыруға және ауыл шаруашылығы кәсіпорнының өндірістік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1304271?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді