Тұмау мен ЖРВИ-дың алдын алу, науқастарды емдеу жөнінде қалалық семинар өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы бірлескен бұйрық негізінде тұмау мен ЖРВИ-дың алдын алу, науқастарды емдеу жөнінде қалалық  семинар өткізілді.

 

Семинарға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры, Алматы қаласының штаттан тыс инфекционист-дәрігері Айгүл Кәметқызы Абдрахманова, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, ұлттық сараптама орталығы филиалының вирусологиялық зертханасының мен медициналық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

 

Департамент басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова семинарды ашып, аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық байланысты күшейту керектігін атап өтті.

 

Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Сарсембайқызы Ахметова ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылық бойынша 2025-2026 жылғы  маусымдағы эпидемиологиялық ахуал, санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, сонымен қоса Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес тұмауды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері  жөнінде қатысушыларға түсіндірді.

 

Сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК  директоры және штаттан тыс инфекционист-дәрігері Айгүл Кәметқызы Абдрахманова ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарға амбулаториялық кезеңде, стационарда медициналық көмек көрсету мәселелері жөнінде сөз сөйледі.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы филиалының вирусологиялық зертхана меңгерушісі Жауқазын Бақытқызы Абдрахманова пациенттерден алынған биоматериалды (үлгілерді) вирусологиялық зертханаға тасымалдау және уақытша сақтау жөніндегі талаптарды орындауға және халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу мәселелері мен шешу жолдарын атап өтті.

 

Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп, ағымдағы өзекті мәселелерге және шешу жолдарына аса назар аударылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1304182?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді