Абай облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсынымдар орындалды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

​Абай облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар кешені  жүзеге асырылды.

Атқарылған жұмыстар аясында келесі іс-шаралар жүргізілді:
Түсіндіру жұмыстары: қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша түсіндіру мен оқыту шаралары өткізілді.
Құмар ойындарға қатысуды шектеу: басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысудан өз еріктерімен бас тартулары қамтамасыз етілді.
Мониторинг және алдын алу: мүдделер қақтығысын уақтылы анықтау және қызметкерлердің өткен кезеңде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуын тексеру мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы мониторинг жүргізілді.
Ресурстарды жаңарту: басқарманың ресми интернет-ресурсындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөліміндегі ақпараттар мен нормативтік-құқықтық құжаттар өзектендірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1304627?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді