
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарға құрмет көрсетілді.
Қазақ халқы ежелден қариясын төрге оздырып, үлкеннің батасын алып, ақылын тыңдаған. «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген тағылымды сөздің астарында халқымыздың үлкенге деген ізеті мен құрметі, ұрпаққа деген жанашырлығы жатыр. Қарттар – отбасының ғана емес, тұтас елдің берекесі мен бірлігін сақтайтын рухани темірқазығы.
Мерекелік шараның басты мақсаты – ғибратты ғұмыр кешіп, кейінгі ұрпаққа өнеге болып жүрген ардақты қарияларға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау, жас ұрпаққа үлкенді сыйлау мен ізет көрсетудің маңызын дәріптеу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-kolaryq/press/news/details/1304807?lang=ru

Жауап қалдыру