
Қазақстанда көмірді терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағытталған жаңа перспективалы өнеркәсіп бағыты – көмір химиясы қалыптасып келеді.
Қазіргі уақытта салада үш ірі инвестициялық жобаны іске асыру басталды.
Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылуда. Қытайлық инвестормен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.
Павлодар облысында «Naz Dan Group» ЖШС көмірден дизель отынын өндіру жобасын іске асыруда. Кәсіпорынның қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайды. Компанияға жер қойнауын пайдалану лицензиясы берілді.
Қарағанды облысында «Alfa Plast» ЖШС жылына 100 мың тонна дизель отынын өндіру қуаттылығына ие ұқсас жобаны іске асыруда. Жер қойнауын пайдалану лицензиясы берілді.
Көмір химиясы саласын жүйелі дамыту мақсатында Энергетика министрлігі көмір химиясы және көмір өндіруші компаниялармен, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп, 2026–2031 жылдарға арналған Қазақстанның көмір химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі жол картасының жобасын әзірледі.
Жол картасының жобасына көмірді терең өңдеуге бағытталған бірқатар перспективалы жобалар енгізілді. Атап айтқанда, Қарағанды облысында «Qarmet» АҚ базасында жылына 200 мың тоннаға дейін шайырды өңдеуді, 35 мың тоннаға дейін бензол өндіруді және кокс газын тазартуды көздейтін коксохимия кластерін дамыту жоспарлануда.
Абай облысында «Samal Commodities» ЖШС 300 мың тонна аммиак және 520 мың тонна карбамид өндіруді жоспарлап отыр.
Павлодар облысында «Қаз Недро Ресурс» ЖШС Сарыкөл кен орны базасында жылына 100 мың тонна дизель отынын өндіру жобасын қарастыруда.
Көмір химиясын дамыту көмірді пайдаланудың негізінен шикізаттық моделінен жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге көшуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1305401?lang=ru

Жауап қалдыру