Комитетте санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ардагерін құрметті демалысқа шығарып салды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін Комитетте санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тәжірибелі маманы – Әйгерім Набиқызы Садубаеваны құрметті демалысқа шығарып салуға арналған іс-шара өтті.

Әйгерім Набиқызы Садубаева санитариялық-эпидемиологиялық қызметке 37 жылдан астам уақытын арнады. Кәсіби қызмет жолында санитариялық дәрігерден бастап, Комитетте басшылық лауазымдарға дейін көтерілді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен, медальдармен және төсбелгілермен марапатталған.

Ұжым ардагерге көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдіріп, зор денсаулық, амандық-саулық және жаңа жетістіктер тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1305084?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді