Маңғыстауда көлік құралын мас күйінде басқарған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару фактілерінің жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

29 қыркүйекте «Тау­шық – Қияқты» жергілікті маңызы бар автомобиль жолында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тексеру мақсатында «Audi» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Құжаттарды тексеру барысында 39 жастағы жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені және оның алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Сот шешімімен ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, автокөлік иесі – 34 жастағы азаматтың да алкогольдік масаң күйде болғаны және көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға автокөлігін басқаруға бергені анықталды.

Сот шешімімен көлік иесі 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Полиция қызметкерлерінің уақтылы қабылдаған шаралары ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне төнген қатерді жоюға мүмкіндік берді.

Полиция көлік құралын мас күйінде басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін ескертеді. Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе мас күйдегі адамға автокөлікті басқаруға беру де заң талаптарын бұзу болып табылады.

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

«Заң мен тәртіп» қағидаты – баршаға ортақ. Жол қауіпсіздігі әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1305171?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді