Ойыл ауданында кейбір мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуы талқыланды.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 қыркүйекте Ойыл ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімі ұйымдастыруымен 2026 жылғы тамыз айында мерзімі бұзылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша талқылау өткізілді.

Іс-шараға аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты, аудандық жер қатынастары бөлімі, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының Ойыл ауданындағы халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшылары мен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары қатысты.

Талқылау барысында 2026 жылғы тамыз айында мерзімі бұзылған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштердің орындалу барысы жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, тиісті қызмет көрсетуші мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің қызмет көрсеткен күндері және жауап беру мерзімдері зерделенді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін айқындау және өтініштерді қарау барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары және “Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №27 бұйрығы негізге алынды.

Талқылау нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берген жағдайда, оған жауапты қызметкерлердің жауаптылығы мәселесі қаралатындығы жеткізілді.

Сонымен қатар, жауапты мамандарға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, қолданыстағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын қайта қарап, толық танысып шығу ұсынылды.
Жиын барысында аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сақтау, әрбір өтініш пен әрбір көрсетілетін қызметке үлкен жауапкершілікпен қарау, белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау және өтініштердің орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан әрбір қызметті сапалы әрі уақытылы көрсету – жауапты мамандардың негізгі міндеттерінің бірі.
#ОйылАуданы #МемлекеттікҚызмет #МемлекеттікҚызметКөрсету #АқтөбеОблысы #ҚызметСапасы

https://www.instagram.com/p/DdrNWSJgFzt/?stkn=MWU0MHltem9ybmN5MA%3D%3D

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1305359?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді