
Шу қаласында полицейлер тұрғын үйдің ауласынан 10 келіден астам гашиш тәркіледі
«Қарасора-2026» және «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Шу қаласында 39 жастағы ер адам ұсталды.
Тұрғын үйдің ауласында жүргізілген тінту барысында 10 келі 108 грамм гашиш тәркіленді.
Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Арнайы операция ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Шу ауданы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің және ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің Шу аудандық бөлімінің қызметкерлері, Қызылорда облысы ПД ЖҚАЖ қызметкерлерінің күштік қолдауымен өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1305049?lang=ru

Жауап қалдыру